+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VІІ республикалық өнер байқауының қорытындысы туралы ақпарат
15 Жел, 12:46

2020 жылдың 9-11 желтоқсан күндері аралығында Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VІІ республикалық өнер байқауы» (бұдан-әрі Байқау) қашықтан онлайн режимде өткізілді.

Байқаудың мақсаты: жасұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлеңжазу, ақындық, сөзөнерініңқадір-қасиетінтүсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау.

Байқауға Шығыс Қазақстан облысынан 6 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлдегер атанды:

- I дәрежелі дипломмен «Шешендік өнер» номинациясы бойынша Семей қаласы №27 орта мектептің 10 сынып оқушысы Оралғазы Ақниет;

- II дәрежелі дипломмен «Эссе жазу» номинациясы бойынша Аягөз ауданы қалалық қазақ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Шәріпханқызы Алнұр;

- III дәрежелі дипломмен «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Аягөз ауданы С.Нұғыманов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Төкенов Алмат марапатталды.

Команда бойынша Шығыс Қазақстан облысының оқушылары 3-ші командалық орынды иеленді.

Барлық қатысушыларға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының атынан сертификаттар, жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.

 

Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз.