+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
Қашықтан өткізілген «Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқаудың қорытындысы туралы ақпарат
15 Дек, 12:42

2020 жылдың 10-12 желтоқсаны аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 8 -11 сынып оқушылары арасында қашықтан «Абай әлемі» атты республикалық шығармашылық байқауы (бұдан әрі – Байқау) өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты: кемеңгер Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау,оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

Байқау екі бағыт бойынша қашықтан өткізілді:

І бағыт - «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер байқауы;

ІІ бағыт - «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы.

Шығыс Қазақстан облысынан байқауға екі бағыт бойынша ережеге сәйкес 12 оқушы қатысып, 8 жүлделі орындарды иеленді.

«Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер байқауы бойынша:

  • I дәрежелі дипломмен Өскемен қалысы №46 орта мектептің 11 сынып оқушысы Семейхан Алтынжан;
  • II дәрежелі дипломмен Үржар ауданы Найманбай атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Қалиқанова Аружан;
  • III дәрежелі дипломмен Бесқарағай ауданы Беген орта мектебінің 10 сынып оқушысы Байболова Дидарханым марапатталды.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы.  бойынша:

  • II дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Серік Ақбота;
  • III дәрежелі дипломмен Жарма ауданы Бірлік орта мектебінің 10 сынып оқушысы Рахат Тамаша, Үржар ауданы Ақтанберді орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нурсапаева Жанерке, Өскемен қаласы №33 абай атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ерболат Мақпал, Курчатов қаласының №4 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Дамуқан Мұрагер марапатталды.

        Жүлделі орынды иеленбеген оқушыларға алғыс хат, жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз.