+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
14 Жел, 15:04

2020 жылдың 19-20 қарашасы аралығында онлайн режимде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздарынан - облыстың 700-ден астам оқушысы қатысты. Жас білгірлер математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша онлайн режимде тест тапсырмаларын орындады.

5 сыныптар арасындағы олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің саны 135 оқушы болды (І орын - 18, ІІ орын - 47, ІІІ орын - 70), ал 6 сыныптар арасында 138 қатысушы (І орын - 52, ІІ орын - 37, ІІІ орын - 49) жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі қоса беріледі.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Табыс пен жеңістер тілейміз!