+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Экономика бойынша Республикалық турнирге ШҚО оқушыларының қатысу қорытындысы
25 Сәу, 11:47

2012 жылдың 30 наурызынан 2 сәуiрге дейiн Шығыс - Қазақстан облысының мектеп оқушылары командасы экономика бойынша республикалық турнирге қатысты.cut

Шараны Қазақстан республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы және  «Қазақстан Джуниор Эчивментi».қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Турнир (Бурабай курорты) Республикалық - "Балдаурен" оқыту сауықтыру  базасында өттi.

Турнирдің мақсаты:

 - экономика негiздерi бойынша ғылым ретінде меңгеруге қызығушылықтары бар қабiлеттi оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту;

 - экономика саласына дарынды оқушыларды алдын ала бейінді дайындау;

- мектеп оқушыларының экономикалық бiлiмдерін насихаттау және ғылыми зерттеу жұмыстарына  қызығушылығын арттыру;

 - экономикалық бiлiм арқылы бәсекеге түсе алатын тұлғаны тәрбиелеу.

Жалпы турнирге республика мектептерiнен 50 оқушы, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан төмендегі 4 оқушы қатысты.

 - Жарма ауданы Абай атындағы мектептiң 10 - сынып оқушысы Советханов Дархан;

- Семей қаласы экономикалық лицейiнің 10 - сынып оқушысы Лыткин Данил;

 - Өскемен қаласы №2 мектеп-гимназиясының 11 - сынып оқушысы Қайранова Мария.

- Өскемен қаласы №34 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейiнің 11 - сынып оқушысы Брим Ольга.

 

Республикалық турнир дәстүрлі түрде 3 кезеңнен тұрды: шығармашылық тапсырма (эссе жазу), теориялық тур, «Титан» нұсқасы  және «Экономика және менеджменттi пiшiндеу» экономикалық ойыны.

Турнирдің нәтижесі бойынша Брим Ольга жеңiмпаз болды. Қазылар алқасы мүшелерiнiң шешiмi бойынша оған Қазақстандық - Британдық Техникалық университеті және Еңбек және Әлеуметтiк қатынастар Қазақ академиясына бiлiм  гранты тағайындалды.

Турнирдың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.