Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаға деген құрмет сезімін тәрбиелеу, оқушылардың танымдық және практикалық іс-әркеттерін насихаттау, мектеп оқушыларын экологиялық мәдениетке тәрбиелеумақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Экостан-ға САЯХАТ» республикалық экологиялық конкурсы өткізілді.
Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді: ең үздік натуралистік фоторепортаж және ең үздік экологиялық бейнебаян.
Конкурс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жеңімпаздары анықталды :
ІІ дәрежелі дипломмен – облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Овсянникова Ксения;
ІІІ дәрежелі дипломмен- Семей қаласының №3 орта мектептің 9 сынып оқушысы Дәулетбек Дильназ.
ҚР БжҒМ «Дарын» РҒПО грамотасымен:
Семей қаласындағы №37 гимназияның 9 сынып оқушысы Мубаракова Аружан;
Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Байжуминова Ұлжан марапатталды.
Конкурс жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жетістіктер мен табыстар тілейміз!