Ағымдағы жылдың 24-28 қараша аралығында онлайн-платформада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ІІІ халықаралық шахмат турнирі өтті.
Шахмат турнирінің негізгі мақсатттары мен міндеттері Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер арасында шахматты насихаттау және дәріптеу, мектеп жасындағы жас шахматшыларды айқындау, Қазақстан Республикасының қалалары мен өңірлері арасында достық байланысты нығайту болып табылады.
Турнир қорытындысы бойынша:
1 орын - Эммерт Николай Бородулиха ауданы, Н. Островский атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушысы;
3 орын - Тулекенова Айза Өскемен қаласы, №44 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы.
Оқушыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!