+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаеваның атына өткізілетін халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы ЕРЕЖЕ
25 Сәу, 11:35

І. Жалпы ережелер

 

Бұл ереже жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері - Қ.О. Бітібаеваның атына өткізілетін халықаралық олимпиаданың (әрі қарай – халықаралық олимипада) өткізу ретін, мақсатын, міндетін анықтайды.cut

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері:

- мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;

- «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын іске асыра отырып, көптілділікті дамыту;

- дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету;

- оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

- халықтар достығын нығайтуға, мәдениаралық байланыс жасауға ықпал ету.

Халықаралық олимпиаданы Шығыс Қазақстан білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырады.

 

ІІ. Халықаралық олимпиаданың жұмыс органдары

 

Халықаралық олимпиаданы өткізу үшін ұйымдастырушылар олимпиаданың өткізілу түрін анықтайтын, бағыт-бағдар беретін, ұйымдастыру-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдастыру комитетін құрайды.

Ұйымдастыру комитеті халықаралық олимпиада тапсырмаларының мазмұнын талдап, оқушылардың жұмысын бағалау критериін анықтау үшін құрамына университеттердің алдыңғы қатарлы ғалымдары мен шығармашылықпен қызмет атқаратын мұғалімдер енетін ғылыми-әдістемелік кеңес тағайындайды.

Ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері халықаралық олимпиада өткенге дейін тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтап, халықаралық олимпиада  қатысушыларының рейтингісін жариялау мақсатында әділқазылар алқасы тағайындалады. Әділқазылар шешімі бойынша хаттама дайындалып, оған төраға мен әділқазы мүшелері қол қояды.

 

ІІІ. Халықаралық олимпиадаға қатысушылар

 

Халықаралық олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының, Қазақстан Республикасының басқа облыстарының, сондай-ақ, төмендегі квотаға сәйкес (1-кесте) алыс және жақын шет ел мемлекеттеріндегі орыс және қазақ тілдерінде жалпы білім беретін мектептердің 9, 10, 11-сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады:

 

1-кесте: 

Оқушының мәртебесі

9 сынып

10 сынып

11 сынып

қаз.

орыс.

қаз.

орыс.

қаз.

орыс.

ШҚО қалалары (аудандары) әркімге жекелей

1

1

1

1

1

1

ШҚО қазақ тілінде білім беретін мамандандырылған мектептер

1

 

1

 

1

 

ШҚО орыс тілінде білім беретін мамандандырылған мектептер

 

1

 

1

 

1

Қазақстан Республикасының басқа аудандары

1

1

1

1

1

1

Алыс және жақын шет ел мемлекеттері

1

 

1

 

1

 

 

Халықаралық олимпиадаға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары - қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадалардың аудандық (қалалық), республикалық және халықаралық кезеңдерінің жеңімпаздары, сондай-ақ, әдебиет пен тілден әр түрлі олимпиадалар бойынша жетістіктері бар алыс және жақын шет елдер мектептерінің оқушылары қатыса алады.

 

ІV. Халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

 

Халықаралық олимпиадаға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне келесі түрдегі өтінімді жіберу қажет (2-кесте):

 

2-кесте: 

Оқушының аты, тегі (паспорт, жеке куәлік немесе туу туралы куәлік бойынша)

Оқу орны (мемлекет, қала/аудан, мектеп)

Сынып

Оқу тілі

Мұғалімінің тегі, аты, әкесінің аты, еңбек өтілі, категориясы

 

 

 

 

 

 Өтінім білім бөлімі бастығының немесе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорының мөрімен және қолымен куәландырылып, олимпиаданың басталуынан 1 апта бұрын ұйымдастыру комитетіне мына телефон-факстармен жіберіледі: 8/7232/757719, 8/7232/758459 (Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы).

Қаладан тыс мектептердің оқушылары олимпиаданың өту орнына жетекшісімен - білім беруші өкілдерімен Өскемен қаласына келеді. Жетекшінің қолында оқушылардың жолдағы, олимпиада кезіндегі өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілігі мен өкілеттігін растайтын құжат болуы керек.

Халықаралық олимпиадаға қатысушылар өзімен бірге туу туралы куәлігін, жеке куәлік немесе паспортын, медициналық анықтамасын ала келуі қажет.

Халықаралық олимпиада 2 кезеңде өтеді:

1-кезең – жазбаша – еркін тақырыптағы шығарма;

2-кезең – ауызша – қазақ әдебиеті шығармаларын білуі бойынша.

Олимпиада алыс және жақын шет ел мектептерінің оқушылары үшін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде және Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің  оқушылары үшін қазақ тілінде жүргізіледі.

Халықаралық олимпиада аясында жетекшілер үшін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша Қ.О. Бітібаеваның қатысуымен шеберлік сыныбы ұйымдастырылады.

 

V. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

 

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша оқу тілі ескеріле отырып, әр сынып бойынша бір бірінші, үш екінші және алты үшінші орын беріледі.

Барлық олимпиада қатысушыларына сертификат беріледі. Халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен, сыйлықтармен марапатталады. Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген 11-сынып оқушыларына Қазақстанның жоғарғы білім мекемелерінде оқу үшін ректорлық гранттар беріледі.

 

VІ. Олимпиаданы қаржыландыру

 

Халықаралық олимпиада қатысушыларының жол жүру шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе ата-аналардың демеушілігі есебінен төленеді.

Қатысушылардың және 1 (бір) жетекшінің тамақтануы мен тұратын жері, жүлдегерлерді марапаттау шығындары олимпиаданы ұйымдастырушылар есебінен төленеді.