+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны шеңберіндегі «Сарбаздар Әуені» патриоттық әндер фестивалі
01 Жел, 10:11

2020 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Сарбаздар Әуені» патриоттық әндер фестивалі қорытындыланды. Фестивальге ШҚО қалалары мен аудандары мектептерінің «ЖАС САРБАЗ» 5-9 сыныптарының 41 оқушысы қатысты.
Қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мәдениет мекемелерінің беделді өкілдері кірді. Қатысушылардың вокалдық шеберлігі мен шығармашылық қабілеттері, орындаушылық мәдениеті, орындалатын шығармадағы көркемдік бейненің іске асырылуы бағаланды.
Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1 дәрежелі диплом:
- Рахметолла Мәди «Абай атындағы орта мектеп-бақша» КММ 7 сынып оқушысы Үржар ауданы;
- Қайдаров Дидар, Мелсов Досжан «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» КММ 9 сынып оқушылары Риддер қаласы.
2 дәрежелі диплом:
- Нұрлан Айханым «Қ. Дамитов атындағы орта мектебі» КММ 6 сынып оқушысы Катонқарағай ауданы;
- Қадырбеков Дархан «Алтай қаласының № 8 орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы Алтай ауданы.
3 дәрежелі диплом:
- Құрманғазы Аяулы, Аманбаев Ислам «Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ 6 сынып оқушылары Бородулиха ауданы;
- Мұхтаров Тамерлан «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназия» КММ 6 сынып оқушысы Семей қаласы;
- Абаев Ыбырай, Кұрманғалиев Дарын, Қабдылнабиев Қанат, Қасылхан Айерке, Серікқызы Ақерке, Талапқан Дарын, Тұрысбеков Айбар «М.В. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ 6, 7 сынып оқушылары Зайсан ауданы;
- Әділхан Тілекберді «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ 8 сынып оқушысы Тарбағатай ауданы.
Интернет пайдаланушылардың Көрермендер көзайымы жүлдесін Риддер қаласының «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» КММ 9 сынып оқушылары Қайдаров Дидар және Мелсов Досжан жеңіп алды.
Барлық қатысушыларға бейбітшілік, шығармашылық шабыт және табыс тілейміз!
Гарнизондық офицерлер үйі мен «Шығыс» ӨңҚ 44793 әскери бөлімінің мәдени-демалыс орталығының өкілдеріне жоғары кәсібилігі, таланты және қатысушылардың дайындық деңгейіне берген бағасы үшін зор алғысымызды білдіреміз!
Барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз!