Шығыс Қазақстан облысының командасы 2020 жылдың 22-29 қарашасы аралығында өткізілген «Адам. Жер. Ғалам» Республикалық турниріне қатысты.
Конкурстың мақсаты – мектеп оқушыларының ғарыштық білім алуын дамыту және дарынды балаларды қолдау, оған қоса жалпы білім беретін мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, косманавтикаға қызығушылығын арттыру, космостық бағыт бойынша ғарыш, ғарыштық технологияларды зерттеу және олар туралы білімдерін тәжірибеде қолдану бойынша факультатив, үйірмелер жұмыстарын жандандыру, дарынды оқушыларды табу, мамандық таңдауға көмектесу.
Турнир төрт кезеңнен тұрды. Турнир қорытындысы бойынша (Пономарев Роман, Болатов Али, Доспаев Темірлан, Базарқат Жандос, Ахметов Нұрсұлтан) Семей қаласының дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының командасы Бас жүлдені жеңіп алды.
Жеңімпаздарды, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз!
Мектеп оқушыларының М.Әбділдин атындағы «Адам. Жер. Ғалам» Республикалық турнирінің қорытындысы
30 Қар, 21:17


