+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Әбу Насыр әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада қорытындысы
30 Қар, 21:07

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ұлы ғалым, философ, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша әл-Фараби атындағы халықаралық қашықтық олимпиада өткізілді. Олимпиада 10 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология, география пәндерін қамтыды.
Халықаралық олимпиадаға Ресей, Монғолия, Тайланд, Сингапур, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Иран елдерінің оқушылары қатысты.
Халықаралық олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 347 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша облысымыздың 163 оқушысы жүлдегер атанды:.
1. І дәрежелі дипломмен-56 қатысушы;
2. ІІ дәрежелі дипломмен -36 қатысушы,
3. ІІІ дәрежелі дипломмен- 71 оқушы марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!