2020 жылдың 20 қарашасында Өскемен қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында 8-11 сынып оқушылары арасында «Абай әлемі» республикалық қашықтықтан шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Байқау кемеңгер Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, шығармашылығының тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру мақсатында өткізілді.
Байқау екі бағыт бойынша өткізілді:
І бағыт - «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эсселер байқауы, қатысушылар Абайдың қарасөздері мен поэзиясы негізінде бірнеше тақырыптар бойынша эссе жазды.
ІІ бағыт - «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» атты ақындар мүшәйрасы, қатысушылар Абай өлеңдерін терең түсіне біліп, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып өз авторлық өлеңдерін ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша 38 оқушы жүлдегер атанды (І орын - 12, ІІ орын - 9, ІІІ орын - 17) (қосымша).
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары 2020 жылдың 10 - 12 желтоқсанында өтетін «Абай әлемі» республикалық қашықтық шығармашылық байқауына қатысады.
«Абай әлемі» республикалық қашықтық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз, табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!