VI республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы шығарылды. Жиын әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа нысандарын әзірлеу, өскелең ұрпақтың бойында ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Екі ай бойы еліміздің барлық өңірлерінен әскери-патриоттық клубтардың, «Жас ұлан» республикалық мектептерінің және облыстық әскери мектеп-интернаттарының, ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жанынан құрылған әскери-патриоттық клубтардың 39 командасы (15 адам, оның ішінде: 10 ұл және 5 қыз) арасында табанды күрес жалғасты.
Облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтарының командалары арасында Шығыс Қазақстан облысының «Жас Қыран» әскери-патриоттық спорт клубының командасы 1 жалпы командалық орынды иеленіп, тамаша нәтиже көрсетті.
Номинациялар бойынша жүлделі орындар:
- «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы – 1 орын Семей қаласының «Жас Қыран» ӘПСК командасы;
- «Смарт сарбаз-2020» робототехника бойынша өнертапқыштық конкурсы – 3 орын Бақытов Еділ, Семей қаласының № 26 ЖОББМ 11 сынып оқушысы;
- «Саламатты Жас Сарбаз» алғашқы медициналық көмек көрсету – 3 орын Дулатұлы Аслан, Семей қаласының № 3 ЖОББМ 11 сынып оқушысы;
- Белтемірде тартылу – 1 орын Семей қаласының «Жас Қыран» ӘПСК командасы;
- Арқада жатып денені көтеру – 2 орын Семей қаласының «Жас Қыран» ӘПСК командасы;
- Газтұтқыш кию – 3 орын Семей қаласының «Жас Қыран» ӘПСК командасы.
2020 жылдың 26 қарашасындаШҚО «Жас Қыран» әскери-патриоттық спорт клубы оқушылары командасының капитаны Икласова Ажар Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен салтанатты марапаттау рәсімінің жабылуына қатысты. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қатысты. Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шығыс Қазақстан командасының әрбір қатысушысы сыйлыққа электросамокаттар алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Балаларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!


