+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас САРБАЗ» сынып оқушылары арасындағы облыстық «Алау» әскери-спорттық ойынының «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» челлендждер байқауының қорытындысы
24 Қар, 16:57

2020 жылғы 18-23 қараша аралығында «ЖАС САРБАЗ» 5-9 сынып оқушылары арасында облыстық «Алау» әскери-спорттық ойыны аясында «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» челлендждер байқауы өткізілді. Челленджге 21 команда қатысты.

Челлендждер конкурсының негізгі мақсаты – жас ұрпақты біріктіру мен бірлігін нығайту, игі істерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және волонтер жылының басты құндылықтарын танымал ету, балалар мен жастар арасында Отанға, өз халқының өткеніне және мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру.

Байқаудың шарттары бойынша жеңімпаздарды интернет-пайдаланушылар мен қазылар алқасы жұмыстың мазмұны, тұжырымдамасы, композициялық шешімі, эстетикасы, кино эффектісі, сондай-ақ техникалық орындау деңгейі бойынша анықтады.

10 команда жүлделі орындарға ие болды:

Жас санаты–5-7 сынып оқушылары:

1 орын«Үржар»командасы, «Абай атындағы орта мектеп-бақша»КММ, Үржарауданы;

2 орын«ЖасҚыран» командасы, «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ, Семей қ. және «Қырандар» командасы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназия»КММ, Семей қ.;

3 орын«Жас Сарбаз» командасы, «№ 49 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ, Семей қ.және «Жас Шекарашылар» командасы, «М. В. Ломоносов атындағы орта мектебі»КММ, Зайсан ауданы.

Жас санаты – 8-9 сынып оқушылары:

1 орын«Аягөз арландары» командасы, «№ 6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ, Аягөз ауданы;

2 орын– «Жас Ұлан» командасы, «Ю. А. Гагарин атындағы № 1 Күршім орта мектебі» КММ, Күршім ауданы және «Сұңқар» командасы, «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» КММ, Риддер қ.;

3 орын«Сұңқар» командасы, «Қ. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы және «Қаршыға» командасы, «№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ, Семей қ.

Интернет пайдаланушылардың Көрермендер көзайымы жүлдесін «Аягөз арландары» командасы Аягөз ауданы, «№ 6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ жеңіп алды.

Балаларды жеңісімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жарыстың келесі кезеңдерінде сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!