1. Жалпы ережесі
Негізгі ереже 5 – 8 сыныптарға арналған «Юный математик» интеллектуалды сайысының мақсатын, міндетін, және өткізу ережесін анықтайды.
Сайыстың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы (ШҚ ӨҒПО «Дарын») және облыстық мамандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп – лицей (ДБА ОММФИМЛ).
Сайысқа қатысу ерікті түрде. Өту тілдері: қазақша, орысша.
2. Мақсаты мен міндеттері
Оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен интеллектуалды дамуларының жоғары деңгейін анықтау.
Дарынды және қабілетті балаларды көбірек анықтап, ары қарай қолдап, олардың мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсету.
Оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ынталандыру.
Оқушылардың табысқа жету уәжділіктерін дамыту.
3. Сайыстың жұмысшы органы
Сайысты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- сайыстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды,
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;
- сайыстың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;.
- тапсырмалардың мазмұнын әзірлейді;
- жұмыстарды бағалайтын критерийлерді анықтайды, сайыс өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жауап береді;
- жұмыстарды тексеруге қатысады;
- жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды беру үшін ұсыныстар жасайды.
4 . Қатысушылардың құрамы
Сайысқа облысымыздағы жалпы білім беретін мектептердің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 7 -8 сынып оқушылары қатысады.
Команда құрамы 3 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады.
5. Сайыстың өткізілу тәртібі мен орыны
Сайыс 2 кезеңде өткізіледі:
• бірінші кезең – жазбаша – 60 минут;
• екінші кезең – тәжірибелік (үй жұмысын көрсету) – 90 минут;
Топтық кезеңде әр топ белгісіз бір физикалық құбылысты көрсетеді. Оны қарсыластары түсіндіру қажет. Құралды оқушылар өздерімен бірге құрап әкелу керек.
- құбылысты көрсету – 7 минут;
- қарсыластардың құбылысты түсіндіруі – 3 минут;
- өз жауптары – 3 минут;
- әділқазы сұрақтарына жауап беру – 3 минут.
Сайыстың өту кестесі:
9. 00 с. – салтанатты түрде ашылуы
10. 00 – 11. 30 с. – жекелей кезең
11. 45 – 12. 45 с. - түскі ас
13. 00 – 14. 00 с. – тәжірибелік кезең
15. 00 с. - сайыстың жабылуы
6. Қатысушыларды тіркеу тәртібі
Сайысқа қатысу үшін тапсырыстарды электронды түрде 2012 жылдың 24 сәуіріне дейін 8 (7232) 23-93-01 тел/факсына немесе gsshmfi@mail.ru электронды поштаға жіберуге болады. Тапсырыс міндетті түрде білім бөлімінің бастығының мөрімен немесе дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған мектеп директорымен расталған болу керек
Тапсырыстың үлгісі:
«Жас физик» сайысына қатысуға тапсырыс
|
Оқушының аты, жөні |
Мектеп, аудан |
Сынып |
Жетекшінің аты, жөні. телефоны |
7. Қорытындыларды бағалау, марапаттау тәртібі
Сайыстың қорытындысы бойынша әр қатысушының жинаған ұпайына сәйкес орындар анықталады, команда – жалпы есепте. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталады және облыстың олимпиада резервіне қабылданады.