Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тартумақсатында 2020 жылғы 10-12 қараша аралығында Шығыс қазақстан облысы оқушыларының командасы «Мамандықтар әлемін ашамыз»республикалық форумының қорытынды кезеңіне қатысты.
Шығыс Қазақстан облысын форумда облыстық кезеңнің жеңімпаздары – Аягөз ауданы оқушыларының командасы таныстырды.
Оқушылардың жұмыстары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 4 номинация бойынша ұсынылды: «Осындай мамандық бар», «Мамандықты таңдайтын уақыт», «Мен - мамандықтар әлемінде», «Мамандық кеше, бүгін, ертең» - вайндар байқауы.
Форум қорытындысы бойынша біздің команданың қоржынында:
І орын – «Мамандық кеше, бүгін, ертең» - вайндар байқауы номинациясы Жексенов Арсен (С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, Мамырсу ауылы);
ІІ орын – «Мен - мамандықтар әлемінде» номинациясы Құдайбергенова Аида (Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, Шынқожа ауылы);
ІІІ орын – «Мен - мамандықтар әлемінде» номинациясы Маулитова Алина (К.Бозтаев атындағы мектеп-гимназиясы, Аягөз қ.).
Балаларға жаңа жетістіктер мен креативті идеялар тілейміз!