+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
1 - 6 сынып оқушыларының арасында «DARYN ECOART» республикалық сурет және көркем қолөнер экологиялық конкурсының қортындысы
18 Қар, 11:12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың біздің еліміздің мұғалімдеріне балаларға экологиялық сана-сезімді қалыптастыру, үй тазалығы мен гигиена мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстан табиғатын қорғаудың айрықша маңыздылығын түсіну қажеттілігі туралы үндеуі аясында 2020-2021 оқу жылының күзгі каникулдар кезінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қашықтықтан 1-6 сынып оқушылары арасында «DARYN ECOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарының республикалық экологиялық конкурсын өткізді.

Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:

- туған өлкенің пейзажы мен табиғаты тақырыбында үздік сурет конкурсы.
- қайта өңделген материалдар мен қалдықтардан және т.б. жасалған ең үздік көркем қолөнер конкурсы.

Конкурсқа  16 аймақтан400-ден астам сұраныс жіберілді.

Конкурстың қорытындысы бойынша біздін облысымыздың 2 оқушысы Думанқызы Айзере, Аспандияр Карина (Бесқарағай ауданы, «Шығармашылық ұйі») жүлдегерлер атанып, «Дарын» РҒПО  I, III дәрежелі дипломдарын иеленді,    сондай-ақ 5 оқушыға  грамоталар табысталды:

  • Урынбаева Даяна - Бородулиха ауданы, «Абай атындағы орта мектебі»;
  • Абдулина София - Өскемен қаласы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебі»;
  • Құмарбек Нұрдос - Өскемен қаласы, «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі»;
  • Болат Султан - Шемонаиха ауданы, «Н.А. Островский атындағы № 1 негізгі орта мектеп-гимназиясы»;
  • Солоха Всеволод - Өскемен қаласы, «Облыстық математика,физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған  мамандандырылған мектеп-лицейі».

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқушыларға жаңа жетістіктер тілейміз!