+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсының қорытындысы
16 Қар, 16:46

Білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету мақсатында 2020 жылғы 28-30 қазан аралығында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқау онлайн режимде өткізілді.

Республикалық кезеңге республиканың барлық өңірлерінен конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары болған 170 оқушы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының командасы - облыстық кезеңнің жеңімпаз оқушыларынан құралды.

Оқушылардың жұмыстары 9 номинация бойынша ұсынылды:автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру; өндіріс саласындағы техникалық құрастыру; ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру; әскери техника саласындағы техникалық құрастыру; су көлік саласындағы техникалық құрастыру; құрылыс облысындағы жобалар; жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар; авиация саласындағы жобалар: авиациялық техника әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер; космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: космос техникасын әзірлеу саласындағы  жобалар және модельдер.

Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы бірінші жалпыкомандалық орынды иеленді. Бородулиха ауданының Ә. Бөкейханов атындағы қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қайсаева Аяулым, Өскемен қаласының «Жас техниктер станциясының» 10 сынып оқушысы Черепанов Роман, Глубокое ауданының Предгорное №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аянбаев Елдар облыс командасының жеңіске жетуіне үлестерін қосты.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқушыларға жаңа жетістіктер тілейміз!