2020 жылдың 4-13 қарашасы аралығында облыстың барлық аймақтарының 1-7 сынып оқушыларының жас зерттеушілері республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінеқатысты.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қолдау, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу.
Зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын жас зерттеушілер өздерінің жұмыстарын филология, тарих, техника және жаратылыстану ғылымдары, сонымен қатар медицина және психология саласында ұсынды.
I дәрежелі дипломмен 33 қатысушы (26 жоба), II орын – 67 қатысушы (60 жоба), ІІІ орын – 80 қатысушы (70 жоба) марапатталды.
Жеңімпаздардың үздік жұмыстары конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылады.
https://drive.google.com/drive/folders/1SXfgiNXXeMfDUo0Xb7qvo5HhOw3Rzk_M?usp=sharing
Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға одан әрі табыс тілейміз!