+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Инновациялық-педагогикалық жобалардың облыстық фестивалі
19 Қаз, 06:59

2010 жылы 19 қарашада инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізетін педагогтар мен педагогикалық ұжымдардың жетістіктерін насихаттап, және олардың шығармашылығына жағдай жасау үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы инновациялық-педагогикалық жобалардың облыстық фестивалін өткізеді.

cut

Фестивальға дарынды балаларға арналған мамандандырылған, жалпы білім беретін, жаңа типті мектептердің жетекшілері, мұғалімдері, педагогикалық ұжымдары, практик-педагогтар, мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлері, білім бөлімдерінің (басқармаларының) қызметкерлері қатыса алады.

Жобалар келесі бағыттар бойынша ұсынылады: 1) білімдегі менеджменттің жүйесі; 2) әлеуметтік – гуманитарлық және эстетикалық ғылымдар; 3) жаратылыстану – математика ғылымдары; 4) қосымша білім беретін бағдарламалар, мектепке дейінгі және тәрбие жұмысы.

Жұмыстар қағаз бетінде және электронды түрде төмендегі форма бойынша

ұсынылады:

1)   жаңа педагогикалық технологиялар қолданылған сабақтан үзінді;

2)   дарынды балалармен жұмыс жүргізу түрлерін көрсететін жоспарлар, әдістемелік   

     әзірлемелер, оқу құралдары;

3)   дарынды балалармен жұмыс бойынша басқару жүйесінің моделдері

4)   дарынды балалармен жұмыс түрлерін көрсететін көрнекі құралдар (кестелер, альбомдар, буклеттер, балалардың жұмыстарының нәтижелері) және т.б.

Жобаны бағалау критериилері: концептуалдық негізінің болуы, жетекші идеясы, оның

дарынды балаларды анықтауға, оқытуға, дамытуға бағытталуы; жоба мазмұны: а) теориялық нәтижесі; б) практикалық нәтижесі; технологиялардың инновациялығы; жобаны тарату мүмкіншілігі (тәжірибеге енгізуі); сөйлеу шеберлігі; дарынды балалармен жұмысты жетілдірудің жетекші идеясын ашатын материалдардың мазмұны мен жаңашылдығы; ұсынылған материалдардың эстетикалығы.

 

 

Инновациялық-педагогикалық идеялардың республикалық фестивалін ұйымдастырып өткізу туралы Ережелер ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының www.shygysdaryny.kz сайтында жарияланған.

Жол ақысы, тұрағы, тамақтануына байланысты барлық шығындар бағыттаушы білім мекемелерінің есебінен жүзеге асырылады.

Фестивальға қатысуға өтінімдерді және жобаларды (форма бойынша) 2010 жылы 01 қарашаға дейін Өскемен қаласы, 30-Гвардиялық дивизия көшесі 4-үйге (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) жіберу керек. Іріктеу кезеңінің қорытындысы ШҚО білім басқармасының, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында жарияланады.

АЖТ

 

Қала, аудан

Жұмыс орны

Лауазымы, пәні

Санаты, жұмыс өтілі

Жобаның

 тақырыбы

Жобаның бағыты