+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Жас математик» интеллектуалды конкурсын өткізу ЕРЕЖЕСІ
23 Сәу, 09:37

1.     Жалпы ережесі

 

Негізгі ереже 5 – 8 сыныптарға арналған «Юный математик» интеллектуалды сайысының мақсатын, міндетін, және өткізу ережесін анықтайды.cut

Сайыстың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы (ШҚ ӨҒПО «Дарын») және облыстық мамандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп – лицей (ДБА ОММФИМЛ).

Сайысқа қатысу ерікті түрде. Өту тілдері: қазақша, орысша.

 

2. Мақсаты мен міндеттері

 

Оқушылардың шығармашылық әлеуеті мен интеллектуалды дамуларының жоғары деңгейін анықтау.

Дарынды және қабілетті балаларды көбірек анықтап, ары қарай қолдап, олардың мүмкіндіктерінің толық ашылуына көмек көрсету.

Оқушылардың оқу-танымдық қызметтерін ынталандыру.

Оқушылардың табысқа жету уәжділіктерін дамыту.

 

3. Сайыстың  жұмысшы органы

 

Сайысты  дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

­- сайыстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды,

­- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;

­- сайыстың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;.

- тапсырмалардың мазмұнын әзірлейді;

­- жұмыстарды бағалайтын критерийлерді анықтайды, сайыс өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жауап береді;

- жұмыстарды тексеруге қатысады;

- жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды беру үшін ұсыныстар жасайды.

 

 4. Қатысушылардың құрамы

 

Сайысқа облысымыздағы жалпы білім беретін мектептердің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 5 -8 сынып оқушылары қатысады.

Команда құрамы 4 оқушы және 1 жетекші (математика пәнінің мұғалімі).

 

5. Сайыстың  өткізілу тәртібі мен орыны

 

Сайыс 2   кезеңде өткізіледі:

• бірінші кезең – жекелей – 90 минут;

• екінші кезең – топтық – 60 минут;

Жекелей кезең жазбаша түрде өтеді (әр қатысушы өз жас ерекшілігіне қарай тапсырмалар орындайды).

Топтық кезең екі бөлімнен тұрады (әр жастағы 5 – 8 сынып оқушылары қатысады). Әр бөлімде 20 сұрақ бар. Сұрақтар 4 тақырыпқа 5 сұрақтан бөлінген. Дұрыс жауаптарға ұпайлар беріледі, дұрыс емес жауап – 0 ұпай болып есептеледі. Жауап дұрыс болмаса қарсыластары жауап береді.

Сайыстың өту кестесі:

9. 00 с. – салтанатты түрде ашылуы

10. 00 – 11. 30 с. – жекелей кезең

11. 45 – 12. 45 с. - түскі ас

13. 00 – 14. 00 с. - топтық кезең

15. 00 с. - сайыстың жабылуы

 

6. Қатысушыларды тіркеу тәртібі

 

Сайысқа қатысу үшін тапсырыстарды электронды түрде 2012 жылдың

24 сәуіріне дейін 8 (7232) 23-93-01 тел/факсына немесе gsshmfi@mail.ru электронды поштаға жіберуге болады. Тапсырыс міндетті түрде білім бөлімінің бастығының мөрімен немесе дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған мектеп директорымен расталған болу керек.

Тапсырыстың үлгісі:

 

«Жас математик» сайысына қатысуға тапсырыс

 

Оқушының аты, жөні

Мектеп, аудан

Сынып

Жетекшінің аты, жөні,

телефоны

  

7.  Қорытындыларды бағалау, марапаттау тәртібі

 

Сайыстың қорытындысы бойынша әр қатысушының жинаған ұпайына сәйкес орындар анықталады, команда – жалпы есепте. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталады және облыстың олимпиада резервіне қабылданады.