2020 жылдың 11 қарашасында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында онлайн режимде лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектептердің 8-10 сынып оқушылары - мектепішілік кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.
Балалар белгіленген уақыт ішінде, оларға таныс емес тілде деректерді қамтитын бірнеше тапсырмаларды талдап, шешті.
Лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Туужал Ибрагим марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен:
1. Курдюкова Мария - Өскемен қаласындағы облыстық мамандырылған IT-мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
2. Оралханов Амир - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы марапатталды.
III дәрежелі дипломмен:
1. Шипинский Станислав - Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;
2. Саябеков Мадияр - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уалиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
3. Сүлейменова Жасмин - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
4. Бахметова Анастасия - Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы;
5. Расулова Аруай - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл ат. облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы;
6. Ягудин Касымхан - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уалиханов ат. «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 8 сынып оқушысы марапатталды.
Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз!