+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бейбіт Ыстыбаевпен @istybayev_beibit онлайн режимінде тікелей эфир өтетіндігін хабарлайды
11 Қар, 14:57

Шығыс Қазақстан облысыбілім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы күзгі демалыс уақытында «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» концепциясы аясында  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, Қазақ күресіндегі «Түйе палуаны» санатындағы қазақ турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Дзюдодан Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері Бейбіт Ыстыбаевпен @istybayev_beibitонлайн режимінде тікелей эфир өтетіндігін хабарлайды.

Тікелей эфир 2020 жылы 12 қараша, сағат 12.00-де Instagram әлеуметтік желісіндегі  @shygysdaryny ресми парақшасында сұхбат, әңгіме түрінде өтеді. Тікелей эфир қонағына сұрақтарды пікірлер бөлімінде қалдыруға болады.