+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын және «Өз жеріңді танып біл» жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының туристік көпсайыс бойынша табиғи бедерде «Туған жердің кереметі» қашықтық чемпионатының қорытындысы
05 Қар, 16:21

2020 жылдың 4-5 қарашасы аралығында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін спорттық балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету мақсатында «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын және «Өз жеріңді танып біл» жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы туристік көпсайыс бойынша табиғи бедерде «Туған жердің кереметі» қашықтық чемпионаты өтті.

Чемпионатқа «Туған жердің кереметі» туристік көпсайыс бойынша табиғи бедердің іріктеу қашықтық чемпионатының жеңімпаз командалары қатысты. Қатысушылар саны – облыстағы қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің мектептен тыс ұйымдарының 163 білім алушылары.

Спорттық біліктілік және қатысушылардың жасы:

- Жоғарғы сынып – 18 жас және одан жоғары;

- Жасөспірімдер сыныбы – 15-17 жас;

- Төменгі сынып – 12-14 жас.

Чемпионат келесі номинациялар бойынша өткізілді:

- «Біздің туристік клуб / секция / үйірме» тақырыбына үздік әдеби эссе.

- Фотобайқау«Бүкіл әлем алақанда!Сен онда бақыттысың... В. Высоцкий»:

«Менің туған өлкем» –  туған өлкеміздің табиғатын бейнелейтін суреттер;

«Фотоохота» – табиғи жағдайда жануарлардың, жәндіктердің, құстардың, балықтардың суреттері;

«Жүздегі Туризм»– туристердің серуендеу фотосуреті;

«Жорыққа дайындық» - жорықты ұйымдастыру және оған дайындық, оқу-жаттығу процесі, жарыстар туралы баяндайтын сюжеттік фотосуреттер;

«Саяхат және экспедициялар» – туристті немесе туристік топты серпінде, маршруттық қозғалыста, туризмнің әртүрлі түрлеріндегі жорықтар кезінде көрсететін суреттер, сондай-ақ әртүрлі күрделіліктегі жергілікті кедергілерді еңсеруді және төтенше жағдайларда адамның мінез-құлқын көрсететін суреттер.

- «Таңғажайып оқиғалар үшін алға!» видеороликтар байқауы;

- «Шығыс Қазақстан туры»жобаларының таныстырылымы;

- «Виртуалды кеңістіктегі экологиялық бағыт бойынша жолсілтеме» аудиогидтерін әзірлеу.

Чемпионат қорытындысы бойынша І дәрежелі диплом – 20 қатысушы; ІІ дәрежелі – 30 қатысушы; ІІІ дәрежелі – 35 қатысушы иеленді (Қосымша № 1). Қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

Жалпыкомандалық есепте жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

Жоғарғы сынып – 18 жас және одан жоғары:

1 орын – «Орион» тобы, Семей қаласының Шығыс Қазақстан технология колледжі;

2 орын –«Геолог» тобы, Семей қаласының Геологиялық барлау колледжі;

 

3 орын –«Таганай» тобы, Семей қаласының Бизнес және сервис колледжі.

Жасөспірімдер сыныбы – 15-17 жас:

1 орын –«Қаһарман» тобы, Алтай ауданының құрама тобы;

2 орын –«Туризм» тобы, Өскемен қаласының Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернаты;

3 орын –«АнТарес» тобы, Өскемен қаласының Жас техниктер станциясы;

3 орын –«Шығыс қырандары» тобы, Катон-Қарағай ауданының Шығармашылық үйі.

Төменгі сынып – 12-14 жас:

1 орын –«Жас Сарбаз» тобы, Алтай қаласының № 8 орта мектебі, Алтай ауданы;

2 орын –«Экстремалы» тобы, Риддер қаласының № 5 орта мектебі;

3 орын –«Знатоки края» тобы, Шемонаиха ауданының құрама тобы.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Келешекте сәттіліктер тілеміз!