+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Химия пәнінен Қ. Сәтбаев атындағы IV республикалық олимпиадасына қатысу қорытындысы
05 Қар, 16:13

2020 жылы 3 қарашада бір күнде онлайн режимде 9 сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы IV республикалық олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты –дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. 

Олимпиадаға Республиканың әр өңірінен 60- тан астам оқушы қатысты. Облысымыздың намысын жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық жасөспірімдер олимпиадасының 3 жүлдегері қорғады.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

1) ІІ дәрежелі дипломмен - Алтай қаласы №8 орта мектептің 9-сынып оқушысы Полосина Вероника;

2) ІІІ дәрежелі дипломмен - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім- Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат;

3) ҚР БжҒМ «Дарын» РҒПО мадақтамасымен Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Толеуов Алимжан марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!