Республиканың барлық аймағында 2020 жылғы 28 қазанда онлайн режимде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Оған облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 26 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиада резервін құру.
Облыстың дарынды балалары, 8-9 сынып оқушылары математика, физика, биология,химия, информатика пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.
2020 жылдың 27 қазанында барлық қатысушылар міндетті түрде техникалық турға қатысып, өздерінің техникалық дайындығын тексерді.
Олимпиада қорытындысы бойынша 16 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (І орын – 2 оқушы, ІІ орын – 6 оқушы, ІІІ орын – 8 оқушы).
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!