+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Аваза- достық өлкесі» атты дарынды балаларға арналған IV Халықаралық фестивалінің ЕРЕЖЕСІ
18 Сәу, 12:31

Түркменстан мәдениет Министрлігі және Түркменстан білім Министрлігі ЮНИСЕФ және ТИКА Үкіметінің қатысуымен 2012 жылдың 3-5 тамыз аралығында Түркменстанның Түркменбаши қаласында - Каспий теңізінің жағасында «Аваза - достық өлкесі »атты дарынды балалардың Халықаралық фестивалін өткізеді.cut

Фестивальға қатысуға ел, өңір, ұлт атынан делегациялар шақырылады. Делегация құрамына  бірнеше ұлт өкілдері кіруі мүмкін.

 

Фестивальдың мақсаты мен тапсырмалары

 

-   көпұлтты Түркменстан мәдениетін және шет елдердің дәстүрін сақтау, тереңдету және дамыту;

-   әлемнің дарынды балалар арасындағы шығармашылық және рухани қатынасты нығайту және кеңейту;

-   Түркменстанның Жаңа Қайта туу дәуірінде жас дарындылардың жетістіктерін, мәдениеті және өнерімен танысу үшін, шет елдің балалары мен жасөспірімдеріне аса кең мүмкіндік беру;

-   әлем балаларының достық қатынасы мен топтасуы арқылы әлемді және балалар қауіпсіздігін нығайту;

-   Түркменстанда шет мемлекеттер балаларының арасында Тәуелсіз және Бейтарап Түркменстан туралы біліммен алмасу;

-   балалар құқығы туралы БҰҰ Халықаралық конвенциясының Жағадайын жүзеге асыруға көмек жасау;

-   болашақ ұлттың – интеллектуалды және рухани өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу;

-   аса талантты және дарынды балаларды айқындау және жанжақты қолдау;

-   көпшілік ақпарат құралында фестивальдің жұмысын жарықтандыру.

 

Жүру мерзімі және орны

 

2012 жылдың 3-5 тамыз, Түркменстан, Туркменбаши.

Қатысушылардың келуі - 1.08.2012жыл, кетуі - 7.08.2012 жыл.

Жеке келу мерзімі қосымша талқыланады.

Фестивальдің ашылуы 2012 жылдың 3 тамызы.

 

Қатысушылар

 

Әр делегация құрамына төмендегідей қатысушылар кіреді:

- вокалдық жанрда мамандандырылған, музыкадағы дарынды балалар;

- бейнелеу өнерінің кез келген жанрында жұмыс істейтін жас фотосуретшілер және суретшілер;

- фольклорлы-этнографиялық ансамбль;

- ілесіп келушілер (делегация басшылары);

- фестивальға 10-13 жас аралығындағы балалар қатыса алады;

- делегация мүшелерінің құрамы – 20 адамға дейін (басшыларымен қоса).

 

Номинациялар

 

Халықтық (эстрадалық) вокал:

Қойылатын талаптар:

- халықтық (эстрадалық) жанрында мамандандыру;

- 10-13 жас арасы;

- өңірлік және ұлттық деңгейдегі концерттерде жоғары шеберлік, орындау тәжірибесі;

- әннің ұзақтығы 5 минуттан артық болмауы тиіс;

- әнді дыбыстық фонограммасыз орындау;

- әр делегациядан 2 әннен артық орындамау.

 

Фольклорлық би:

Қойылатын талаптар:

- дайын бидің бар болуы;

- қатысушылардың жасы 10-13 аралығында;

- бидің ұзақтығы 10 минуттан артық болмауы тиіс;

- әр делегациядан 2 биден артық орындамау.

 

Заманауи би:

Қойылатын талаптар:

- дайын бидің болуы;

- қатысушылардың жасы 10-13 жас аралығы;

- бидің ұзақтығы 10 минуттан артық болмауы тиіс;

- әр делегациядан 2 биден артық орындамау.

 

Бейнелеу өнері:

Қойылатын талаптар:

- жоғары шеберлік;

- өңірлік және ұлттық деңгейдегі көрмелердегі жұмыстардың болуы;

- қатысушылардың жасы 10-13 аралығы;

- әр делегациядан 1 жұмыстан артық көрсетілмеуі.

 

Шығарма: бейтарап Түркменстан жайлы шетел мемлекеттерінің балаларының жазбаша шығармаларын және ауызша әңгімелерін құруы (Түркменстанның мемлекеттік тіліне шығармаларды және ауызша мазмұндамаларды аударуды фестивальдің ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады).

 

Марапаттау

 

Фестивальдің барлық қатысушылары дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

 

Ұйымдастыру сұрақтары

 

Фестивальға қатысу үшін міндетті түрде бекітілген үлгі өтінімін және делегация мүшелерінің тізімін фестивальдің ұйымдастыру комитетіне жіберулері тиіс (Қосымша №1 және қосымша №2), сонымен қатар барлық қатысушылардың шетел куәлігінің көшірмесін факс арқылы (993-12) 92-34-17 немесе электрондық пошта арқылы tmculture@mail.ru. жіберулері тиіс.

Өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі – 01.07.2012 ж.

Күнелту, 3 уақыт тамақтану, трансферт (қатысушыларды күтіп алу және шығарып салу) фестивальдің ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Ашхабад қаласына дейінгі көлік шығынын және қайтуларын жіберуші жақтың есебінен өтеледі.

Фестивальдің халықаралық тілі – орыс және ағылшын тілдері.

 

Фестивалға қатысуға тапсырыс орыс тілінде жіберіледі. Тапсырыс үлгісі орыс тілінде берілген ережеде жарияланған.