+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивальдың қорытындысы
30 Қаз, 16:02

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ағымдағы жылдың 20-27 қазан аралығында «Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивалін өткізді.

Фестивальдің мақсаты - ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Фестивальге жалпы 101 оқушы, республиканың әр аймағынан 4 ұжымдық топ қатысты.

Нәтижесінде облысымыздың 6 қатысушысы фестиваль жүлдегерлері атанды:

І орын

1. Махмудов Нұрсұлтан -  №3 арнайы мектеп-интернаты, Семей қаласы, «Вокалдық орындау жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту» номинациясы;

2. Нуржанов Дархан – «Ақ Ниет» мектеп-интернаты, Өскемен қаласы, «Робототехника, техникалық өнертабыстар және компьютерлік әзірлемелер» номинациясы.

ІІ орын

1. Баширов Максат Ермекулы - «Ақ Ниет» мектеп-интернаты, Өскемен қаласы, «Робототехника, техникалық өнертабыстар және компьютерлік әзірлемелер» номинациясы.

ІІІ орын

1. Анищенко Виктория Андреевна - №7 арнайы мектеп-интернаты, Риддер қаласы, «Хореография» номинациясы;

2. Фоминых Мария Михайловна - №7 арнайы мектеп-интернаты, Риддер қаласы, «Хореография» номинациясы;

3. Жарылкасынов Нурасыл Серикжанович - №4 арнайы мектеп-интернаты, Семей қаласы, «Көркем шығармашылық және сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациясы.

Жеңімпаздар мен жетекшілерді құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!