+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған гір спортынан 2004 жылы туған және одан кіші мектеп оқушылар арасындағы облыстық қашықтық жарысы бойынша ақпарат
21 Қаз, 11:24

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 22-24 қыркуйекте ұлдар мен қыздар арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған гір спортынан 2004 жылы туған және одан кіші мектеп оқушылар арасындағы облыстық қашықтық жарысы өткізілді.

Жарыстың мақсаттары мен міндеттері

1. Облыста гір көтеру спортын танымал ету;

2. Дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау;

3. Жастарды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту.

Жарыс шарты бойынша салмақ дәрежесі:

Ұлдар арасында: 53 кг., 58 кг., 63 кг., 68 кг., 73 кг., 78 кг., 85 кг, +85 кг. (гір тасы 16-24 кг. коэф. 2,5)

Қыздар арасында: 58 кг., 63 кг., +63 кг. (гір тасы12-16 кг. коэф. 2,0).

Гір спортынан облыстық қашықтық жарысына Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларынан 60 оқушы қатысты. Соның ішінде 33 қатысушы жүлделі орынға ие болды.

 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды.

https://drive.google.com/drive/folders/1MNHT72CTH7n7kAnFZcWBUpF5lTCqyuP3?usp=sharing

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!