2020 жылдың 12-16 қазан аралығында «Айбын» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы өтті.
Шығармашылық байқау барысында 39 қатысушы команда Абайдың 175 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған музыкалық-театрландырылған нөмірлер ұсынды.
Шығармашылық конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстанның атынан үш команда жеңіске жетіп, жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Семей қаласының «Жас Қыран» әскери-патриоттық клубы (әскери-патриоттық клубтар арасындағы жарыстар);
2 орын – Семей қаласының дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» Арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты («Жас Ұлан» республикалық мектептері мен облыстық әскери мектеп-интернаттарының командалары арасындағы жарыс);
3 орын – «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубы (ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жанында құрылған әскери-патриоттық клубтардың командалары арасындағы жарыс).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және балаларға жарыстарда сәттілік тілейміз!



