+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Химия және биология мұғалімдеріне арналған облыстық семинардың өткізілу қорытындысы
18 Сәу, 11:53

2012 жылы 29 наурызда облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында химия, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану ғылымдарын оқытуда  жаңа білім беру технологияларын қолдану» атты тақырыпта облыстық семинар өткізді.cut

Семинар Қазақстанда халықаралық химия жылын мерекелеу аясында, сонымен қатар, балалармен жұмыстың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеп, қорытып, тарату және химия, биология пәндерінің мұғалімдерінің кәсіптік біліктіліктерінің деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

Семинарға Өскемен, Семей, Курчатов қалаларының, Күршім, Зайсан, Катон-Қарағай аудандарының, облыстық мамандандырылған дарынды балалармен жұмыс жүргізетін мектептердің мұғалімдері қатысты.

Семинардың ашылуы кезінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің диреторы К.Б.Раисова, облыстық «Дарын» орталығының директорының орынбасары, п.ғ.к. И.С.Стеблецовалар сөз сөйледі.

Семинардың қатысушыларына қазақ және ағылшын тілдерінде ашық сабақтар, проблемалық оқытудың – PBL-ді ұйымдастыру мәселелерін талқылау бойынша топпен жұмыс, электрондық оқыту - «Е – Learning» бағдарламасы бойынша мастер-кластар, «Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру», «Критерилік бағалау жүйесін» және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды.

Залда Алекса Хулистон және Меделин Фи шетелдік оқытушылардың синхрондық аудармасымен «Жаңа білім беру технологияларын қолдана мектеп саласындағы химия және биология пәндерін оқытуды ұйымдастыру мәселелері» бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Семинарды қорытындылау кезінде қатысушылар облыстық семинардың маңыздылығын, мазмұндылығын, оның жақсы ұйымдастырылғанын, дарынды балалармен жұмыс жүргізетін әртүрлі білім мекемелеріндегі жинақталған педагогикалық тәжірибелерін тарату бойынша жемісті жұмыстарын ары қарайда жалғасын деп қорытындылады.

Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.