+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
www.playok.com ойын платформасында Тоғызқұмалақтан 6-7, 8-9, 10-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңін өткізу туралы ақпарат
19 Қаз, 17:39

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығыкоммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 14-16 қазан аралығында www.playok.com ойын платформасында тоғызқұмалақтан 6-7, 8-9, 10-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өткізілді.

Онлайн турнирдің мақсаттары мен міндеттері

1) Шығыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрі – Тоғызқұмалақты жаппай дамыту және насихаттау;

2) тоғызқұмалақ ойыны бойынша оқушылардың спорттық шеберлігін арттыру;

Ұлттық мектеп лигасына Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларынан 56 оқушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте орындар келесідей бөлінді:

жас санаты (6-7 сынып)

І орын - К. Нұрбаев ат. ОМ, Тарбағатай ауданы

ІІ орын - Экономикалық лицей, Семей қаласы

ІІІ орын - №1 Марқакөл ОМ, Күршім ауданы

жас санаты (8-9 сынып)

І орын-№1 Марқакөл ОМ, Күршім ауданы

ІІ орын-№17 ЖББОМ, Семей қ.

ІІІ орын- Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы, Абай ауданы

жас санаты (10-11 сынып)

І орын-Жарбұлақ ОМ, Үржар ауданы

ІІ орын- Жамбыл ат. мектеп-гимназия-интернат, Өскемен қ.

ІІІ орын- Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы, Абай ауданы,

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталды.

https://drive.google.com/drive/folders/1c_fxF_xmqAsfFZzQx4v_mLvUMGGaIlRi?usp=sharing

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!