+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Болашаққа жол өзіңнен басталады» республикалық семинар-тренингінің қорытындысы
16 Қаз, 17:24

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының» ұйымдастыруымен 2020 жылдың 14-15 қазаны аралығында жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден оқу озаттары, белсенділер және дарынды балалар үшін  «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты қашықтықтан семинар-тренингі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің концептуалдық идеялары мен жаһандық бастамаларын жан-жақты насихаттайтын қазақстандық жастардың патриоттық сезімін арттыру және әлеуметтік-азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Семинар аясында қашықтықта оқушылармен әңгіме, сұхбат және психологиялық тренингтер өткізілді. Облысымыздың дарынды балалары топтық жұмыстарға қатысып белсенділік танытты. Тренингтерде өздерінің көшбасшылық қасиеттерін ашып көрсете білді.

Семинар-тренинг мазмұнды және жемісті өтті. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары жұмысқа белсене қатысты.