Облыстық «Зияткер» сырттай мектебі (бұдан әрі - Мектеп) облыстың дарынды балаларын анықтау және оларды облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадаларға дайындау, облыстың Олимпиадалық резервін қалыптастыру мақсатымен өткізіледі.
Сырттай мектепке облыстың жалпы білім беру мекемелерінің барлық ниет білдірген 9 сынып оқушылары қатыса алады.
Мектеп «Математика», «Информатика», «Химия», «Физика», «Биология», «География» 6 пән бойынша өткізіледі.
Мектеп үш кезеңде өтеді. I және II кезеңде қатысушылар тапсырмаларды орындайды, III кезеңде қатысушылар үшін шағын олимпиада ұйымдастырылады. Мектептің I және II кезеңдеріне арналған тапсырмалар топтамасы www.shygysdaryn.kz. сайтында орналастырылады.
I кезең қатысушыларының барлығы II кезеңге қатысу құқығына ие болады. Мектептің III кезеңіне (шағын олимпиада) екі кезең жиынтығы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар қатыса алады.
Сырттай мектептің I және II кезеңдеріне арналған тапсырмалар топтамасы өткізу күнтізбесіне сай www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.
I және II кезеңдерінің орындалған тапсырмалары (міндетті түрде аты-жөні мен мектебін көрсету керек) obl.zaochnaya.sh@mail.ru электронды поштасына жіберіледі. Қатысушылардың белгіленген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстары қарастырылмайды.
I және II кезеңдерінің нәтижелері қабылдағаннан кейін бір апта өткен соң www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.
Шағын олимпиада (III кезең) қатысушыларына тапсырмалар орналастырылған порталға кіру үшін логиндер мен парольдер жіберіледі. Шағын олимпиада тапсырмаларын орындағаннан кейін қатысушылар жауаптар парағының фото/көшірмесін, көрсетілген мерзімде «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО электрондық поштасына vk_daryn@mail.ru жіберуі қажет.
Сырттай мектепке қатысу бойынша барлық сұрақтармен 87232700244 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.