+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
03 Қаз, 13:15

2020 жылдың 29 қыркүйегінде бір мезгілде қашықтықтан Республиканың барлық аймағында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада өткізілді, оған облыстық іріктеу кезеңнің жеңімпаздары атанған 110-нан астам оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиада резервін құру.

Облыстың дарынды балалары, 8-9 сынып оқушылары математика, физика, биология,химия, информатика, география пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 52 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (І орын -13 оқушы, ІІ орын – 16 оқушы, ІІІ орын – 23 оқушы).

Ең жоғары балл жинаған оқушылар олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысу үшін ұсынылады.

 

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!