2020 жылдың 28 қыркүйегінде балалар мен жастардың азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың Республикалық қашықтық (номинациялар онлайн-платформада) слеті өткізілді.
Слет қатысушылары келесі номинациялар бойынша бақ сынады: Бард әндері байқауы, «Жас өлкетанушы», «Туған өлке соқпақтары», «Ең керемет туристік өлке», «Туған өлкенің тарихы», «Экологиялық соқпақ», жорықта зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, туризм білімпаздары.
Шығыс Қазақстан облысы командасының республикалық слетке қатысу қорытындысы бойынша Семей қаласы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің 10 сынып оқушысы Саматқызы Әдемі «Ең керемет туристік өлке» номинациясы бойынша I орын иеленді. (туған өлкенің тарихын, географиясын, объектілерін зерттеудің презентациясы).
Саматқызы Әдеміні жеңісімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!