2020 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру шеңберінде қашықтық форматында «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалы өткізілді.
Әскери спорттық ойынның мақсаты–қазақстандықпатриотизмдітәрбиелеу, жастардыәскери-патриоттық тәрбиелеу,салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту бойынша жұмыстардың мазмұнын жетілдіру.
Республикалық ойынның финалына республиканың мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары – облыстық, аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 170 адам.
Шығыс Қазақстан облысының атынан Зайсан ауданының «Жас Қыран» әскери-патриоттық спорт клубының командасы қатысты - 9 оқушы (7 ұл, 2 қыз).
Жарыс барысында қатысушылар келесі номинациялар бойынша сайысты:
- «Командалардың тұсаукесері»;
- «Жауынгерлік парақ» байқауы»;
- «Турникке тартылу»;
- «Арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру»;
- «Өз қолыңмен әскери техника» сәндік-қолданбалы өнер байқауы»;
- «Соғыс жылдарындағы әндер» атты патриоттық әндер байқауы»;
- «Алғашқы медициналық көмек көрсету» квиз-викторинасы»;
- «Тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау».
Республикалық әскери-спорттық ойынды өткізу қорытындысы бойынша «Тарихи мұра» (тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау) номинациясы бойынша Зайсан ауданы «Х. Мұстафин атындағы мектеп-лицей» КММ-нің11 сынып оқушысы Әскербек Асылбек 3-орынды жеңіп алды.
Әскербек Асылбекті лайықты жеңісімен құттықтаймыз!