+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы командасының «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар кино шығармашылығының республикалық фестиваліне қатысуы бойынша қорытындысы
02 Қаз, 11:39

2020 жылдың 10 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы командасы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар кино шығармашылығының республикалық фестиваліне қатысты.

Балалар киносы фестиваліне Шығыс Қазақстан облысынан облыстық тур жеңімпаздарының 9 үздік жұмысы ұсынылды: деректі (ойынды емес) кино, ойынды кино, STOP-MOTION-видео, әлеуметтік жарнаманемесе әлеуметтікролик, анимация, видео-арт, киножурнал, музыкалық фильм, ең үздік операторлық жұмыс.

Фестиваль қорытындысы бойынша ШҚО командасы 3 - жалпыкомандалық орынға ие болды. Барлық қатысушыларға медальдар, командаға естелік кубок табыс етілді.

Балаларға жаңа жетістіктер мен креативті идеялар тілейміз!