2020 жылдың 30 қыркүйегінде онлайн режимінде облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсы өткізіледі.
Тестілеуден өту үшін www.shygysdaryn.kz сайтында тіркелу қажет.
Ол үшін www.shygysdaryn.kz сайтында облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсы атауын таңдау керек. Пайда болған терезедегі «Тіркелуде» мәліметтерлі енгізіп, «Тіркелу» сөзін басу қажет.
Әрі қарай пайда болған терезеде тест тапсырмаларын орындаңыз.
Тестілеуден өту уақыты 60 минутты құрайды.
Тестілеу аяқталғаннан кейін қатысушылар өз нәтижелерін көре алады.
Ескерту! Тестілеу аяқталғаннан кейін тек алғашқы тапсырған тестілеудің нәтижесі ескеріледі. Тестілеуді қайта тапсыру сіздің нәтижеңізді толығымен жояды.