+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық қашықтық көрме-байқауының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
24 Қыр, 12:13

«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық қашықтық көрме-байқауын  өткізеді.

Көрме-байқауының  мақсаты – білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Байқауға 2003-2009 жылдары туған білім беру ұйымдарының білім алушылары – облыстық, қалалық көрме-байқауының жеңімпаздары қатысады.

Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары 2020 жылғы 19 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық қашықтық көрме-байқауына қатысады.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 ШҚ  ДпҚББ ДҒӘ «Дарын» орталығы немесе 8 (7232)75-26-91 телефоны бойынша хабарласуға болады.