2020 жылдың 24 қыркүйегінде онлайн режимінде бір мезетте жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің іріктеу туры өткізіледі. Онлайн тестілеу www.shygysdaryn.kz сайтында өтеді.
Олимпиада сағат 10.00 басталады. Пән бойынша тестілеуден өту уақыты 60 минутты құрайды.
Олимпиадаға қатысу үшін оқушыда компьютер/ноутбук, үздіксіз интернет, ақ қағаз парағы, қалам, қарапайым қарындаш, сызғыш, физикалық калькулятор (физика бойынша олимпиаданы орындайтын оқушылар үшін) болуы қажет.
Информатика пәні бойынша-бағдарламалық жасақтама Celeron 1000 Mhz типті процессор, 192 VB RAM, Free Pascal бағдарламалау ортасы, Turbo Pascal, PABS, Delphi, Turbo C++, C++ Builder, Codeblocks.
Әр қатысушыға олимпиада басталғанға дейін логин мен пароль беріледі.
On-line тестілеуден өту үшін мекенжай жолына келесі мекенжайды енгізу қажет: www.do.ektu.kz/eltest/ немесе веб-сайтты ашыңыз www.shygysdaryn.kz (сайтта «облыстық жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу туры» бөлімін таңдау).
Пайда болған терезеде «облыстық жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңін» таңдау. Әрі қарай, келесі терезеде «жүйеде тіркелу» өрісіне логинді енгізіңіз, пароль өрісіне пароль енгізіңіз, «Кіру» түймесін басыңыз. Ашылған терезеде пәнді, сыныпты таңдау және «тестілеу нәтижелері» терезесінде «тест тапсыру» батырмасы. Барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін «Аяқтау» түймесін басу керек.
Ескерту. Уақыт өткеннен кейін тест бағдарламасы автоматты түрде аяқталатынын есте ұстаған жөн.
Турлар кезінде:
- қатысушылардың сағаттар мен смарт-көзілдіріктерді қоса алғанда, кез келген гаджеттерді пайдалануына;
- кез-келген сымды және сымсыз гарнитураны пайдалануға;
- кез келген электрондық және қағаз анықтамалық ақпаратты, оқулықтарды, басқа да әдебиеттерді пайдалануға;
- олимпиаданың басқа қатысушыларымен тапсырмаларды талқылауға;
- жұмыс орнынан кетуге қатаң тыйым салынады.