+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру туралы
23 Қыр, 14:25

2020 жылдың маусым айынан бастап жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» бастамасы шеңберінде іске асырылатын «Елбасы медалі» бағдарламасы басталды.

Бағдарламаның мақсаты қиындықтарды жеңуге, әртүрлі салаларда өзін жүйелі түрде дамытуға, басқаларға қамқорлық жасауға, қойылған мақсаттар мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бағдарлама ҚР Тұңғыш Президенті қорының https://me.fnn.kz/ сайтында жүзеге асырылады. ШҚО-дан авторландырылған қатысушылар саны – 614 оқушы.

Бүгінгі таңда балалар тәлімгерлермен жұмысты 6 бағыт бойынша сәтті жүзеге асыруда (дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, спорт және дене шынықтыру, туристік саяхаттар).

Қатысушылар өздерінің таланттары мен дағдыларын дамытады, кітап оқиды, ой-өрісін кеңейтеді, ұлттық мәдениет туралы білімдерін нығайтады, эмоционалды интеллект пен "soft skills" дамытады, әлеуметтік байланыстарды нығайтады.

Балалар тапсырмаларды үлкен ынтамен орындайды және өз нәтижелерімен әлеуметтік желілерде бөліседі.

 

 

Қатысушыларға жемісті жұмыс және сәттілік тілейміз!