+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық қашықтық слетінің қорытындысы
21 Қыр, 19:36

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылың 16-18 қыркүйегі аралығында Өскемен қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық қашықтық кезеңін өткізді.

Слетке облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының аудандық/қалалық және мектепішілік іріктеу кезеңдерінің 137 жеңімпазы қатысты.

Қатысушылар өлкетану, экология және туризм бағыттары бойынша бақтарын сынады:

- «Бард әндері» байқауы – музыкалық байқау. Негізгі музыкалық аспап - гитара;

- «Жас өлкетанушы» - халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері, белгілі адамдармен, әдебиет, музыка, театр, кино, бейнелеу өнері қайраткерлерімен кездесулер туралы іздеу-зерттеу жобасы таныстырылды;

- «Туған өлке соқпақтары» - өңірде жүргізілген туристік экспедицияның презентациясы жолданды. Презентацияда бағдар картасы, өлкетану нысандары, бағдардың рөлі, маңызы және ерекшеліктері көрсетілді;

- «Ең керемет туристік өлке» - туған өлкенің тарихын, географиясын, объектілерін зерттеудің презентациясы жолданды;

- «Туған өлкенің тарихы» - 3D элементтерін қолдана отырып, өз өлкесінің виртуалды туристік маршруты презентациясын ұсынды;

- «Экологиялық соқпақ» - 2 қатысушы жергілікті жер бағдарының соқпағын өте отырып, экологиялық картаны құрып, оны плакатқа сызып, шартты белгілермен ресімделді;

- «Туризм білімпаздары» - туристік түйіндерді білу және оларды байлап көрсеткен бейнематериал көрсетілді;

- «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» - жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білуін көрсететін бейнероликтер ұсынылды.

Слет қорытындысы бойынша І дәрежелі диплом – 10 қатысушы; ІІ дәрежелі – 19 қатысушы; ІІІ дәрежелі – 29 қатысушы иеленді. Қалған қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

Номинациялар бойынша үздік деп танылған жобалар 2020 жылдың 28 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында қашықтықтан өтетін слеттің республикалық кезеңіне қатысатын болады.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Келешекте сәттіліктер тілеміз!