+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Онлайн режимде информатикадан 32-Халықаралық олимпиада өтті (ІОІ)
21 Қыр, 15:29

Информатикадан 32-Халықаралық олимпиада 2020 жылдың 13-19 қыркүйегі аралығында онлайн режимде өтті. Жарыста әлемнің 80-нен астам мемлекетінен келген командалар қатысты.

ҚР ұлттық құрамасының құрамында екінші жыл қатарынан республикалық олимпиадалардың, беделді халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің түлегі – Байболов Темірлан қатысты.

Олимпиада екі айналым бойынша өткізілді. Айналымдар барысында қатысушылар информатика мен АКТ бойынша түрлі қабілеттерін көрсетіп, алгоритмдік есептер орындады.

Қатысушылардың жұмыстарын, құрамына қатысушы мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық әділқазылар алқасы бағалады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы атынан қатысқан 4 қатысушының ішінен Байболов Темірлан  жоғары білімін көрсетіп, күміс медаль иесі атанды.

 

Темірланды, оның ата-анасын және тәлімгерлерін жүлдемен құттықтаймыз!

Алда табыс пен жеңістер тілейміз!