+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Табиғатты аяла» Республикалық форумының қорытындысы
18 Қыр, 09:32

Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында 2020 жылдың 14-16 қыркүйегі аралығында қашықтықтан «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумы өткізілді. Форумның қорытындысы  бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық 3 орынға ие болды.

Номинациялар бойынша жүлделі орындарды келесі оқушылар иеленді:

Асылбекова Аружан Мұратқызы – «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша 1 орын, Бородулиха ауданы «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ-нің 11 сынып оқушысы.

Кайролланова Қарақат Қайратқызы – «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша 2 орын, Аягөз аудандық білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 10 сынып оқушысы.

Саиндолдина Диляра Аскаровна – «Жасыл экономика» номинациясы бойынша 3 орын, Шемонаиха ауданының «Н.А.Островский атындағы№1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ-нің 10 сынып оқушысы.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!