+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық қашықтық слетінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
17 Қыр, 17:54

Өткізу күні:16-18 қыркүйек 2020 ж.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес 2020 жылдың 16-18 қыркүйек аралығында «Туған жер» жобасының жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық қашықтық слетін өткізеді.

Іс-шараның мақсаты– балалар мен жастардың патриоттық және азаматтылық сезімін тәрбиелеу, экспедициялық отрядтардың туристік қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

Слетке облыстың 137 оқушысы, аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.

Қатысушыларға тарихи-өлкетану, экологиялық-биологиялық және ғылыми-техникалық бағыттағы өздерінің әзірлемелерін таныстыру, туристік дағдыларды дамыту дағдыларын, тарих пен география бойынша білімдерін көрсету мүмкіндігі беріледі.

Слет бағдарламасына келесі номинациялар кіреді:

- «Бард әндері» байқауы.

I. Өлкетану блогы:

Номинациялар бойынша іздеу-зерттеу жұмысы жобаларының презентациясы:

- «Жас өлкетанушы»;

- «Туған өлке соқпақтары»;

- «Ең керемет туристік өлке».

II. Экологиялық блогы:

- «Туған өлкенің тарихы»(3-D элементтерін қолдана отырып, өз өлкесінің виртуалды туристік маршруты презентациясын ұсыну);

- Экологиялық соқпақ.

III. Туристік блогы:

- «Туризм білімпаздары»;

- «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету»

Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Номинациялар бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаз-қатысушылар 2020 жылдың 28 қыркүйегінде қашықтықтан өтетін «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық отрядтарының республикалық слетіне (онлайн-платформадағы номинациялар) қатысады.

Спикерлер/ Спикеры:

Жумадилова Сайрангуль Ахметкаримовна – Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы, т. 8/7232/70-23-57,e-mail: bilim@akimvko.gov.kz; Рахимжанова Гаухар Болатбековна –  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының» директоры, т. 8/7232/75-42-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru; Куршев Владимир Борисович – туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушы, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі, т. 87051447320, e-mail: vkoborisu4@mail.ru

Облыстық слетті өткізу туралы ереже https://www.shygysdaryn.kz/blogs/view/2/1532 сілтемесі бойынша.

Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы