+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық «Субдоминанта» байқауының қорытындысы
10 Сәу, 12:46

7 сәуір күні Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің оқушылары арасында музыка теориясы пәні бойынша ІІ-ші облыстық «Субдоминанта» байқауы өтті.cut

Аталған байқаудың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы және Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп болып табылады және байқау аталған мекеменің базасында ұйымдастырылды.

ІІ-ші облыстық «Субдоминанта» байқауы сольфеджио номинациясы бойынша өтті, оның басты мақсаты музыкадағы дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық белсенділігін, сонымен қатар тұтас теориялық, практикалық және шығармашылық қызметінің негізінде оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Байқаудың салтанатты ашылуы Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің концерттік залында өтті, онда байқаудың қатысушыларын және қонақтарын МДБ ОММ директоры А.П.Тютюньков, облыстық музыка мектебінің оқушылары қарсы алды.

Облыстық «Субдоминанта» байқауына облысымыздың музыка мектептерінен 24 жас музыкант қатысты. Оған Өскемен қаласының №1 музыка мектебі, Семей қаласының №2 музыка мектебі, Курчатов, Зайсан және Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп өкілдері қатысты.

Байқау үш өспелі топта жүрді. Қатысушылар келесі тапсырмаларды орындады, олар: музыкалық диктант, парақтан оқу және әуеннен аккомпанементті іріктеу. Шығыс-Қазақстан өнер колледжінің, Өскемен қаласының №1 БММ және музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің оқытушыларынан құралған құзыретті қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтады. Бағалаудың басты белгілері ретінде, музыкалық сауаттылық, әсерлілік және жекешілдік болып  саналды.

Келесі қатысушылар байқау иегерлері атанды:

1 орын – Лихобабина Людмила, МДБ ОММ;

Ли Роман, Өскемен қаласының №1 БММ;

Аділетова Еркежан, Зайсан қаласының БММ;

Коновалова Яна, МДБ ОММ.

2 орын – Шидловский Евгений, Семей қаласының №2 БММ;

Березикова Виолетта, Өскемен қаласының №1 БММ;

Оразбеков Боглан, Семей Қаласының №2 БММ;

Литвинов Константин, МДБ ОММ;

Карибаева Руфина, МДБ ОММ.

3 орын – Самарханова Аружан, Семей қаласының №2 БММ;

Салауатова Қырмызы, МДБ ОММ;

Тусупбекова Әйгерім, МДБ ОММ;

Уразбекова Лаура, МДБ ОММ;

Карпова Ольга, Семей қаласының №2 БММ;

Ляпунов Илья, МДБ ОММ.

Байқаудың соңында барлық иегерлерге Шығыс Қазақстан облысы Білім басқарамасынан дипломдар берілді, ал қалған қатысушылар номинация бойынша ШҚ өңірлік ғылыми-практиакалық «Дарын» орталығынан грамоталармен марапатталды. Байқаудың ең жарық қатысушысы, ең жоғары ұпай жинаған Ли Романға (Өскемен қаласының №1 балалар музыка мектебі) ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы «Балдәурен» республикалық  оқу-сауықтыру орталығына жолдама ұсынды. Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп барлық қатысушыларға аздаған сыйлықтар таратты.

Қазақ тілінде сольфеджио бойынша авторлық құралды және музыкалық әдебиетті ұсынған, Қазақстан сазгерлер одағының мүшесі Ләззат Жұмановамен кездесу Шығыс-Қазақстан облысының мектеп педагогтарының үлкен назарын аударды. Байқау қатысушылары және педагогтар Шығыс-Қазақстан өнер колледжінің мұражайын тамашалады, олар халық әртістері ағайынды Абдуллиндерге және Шығыс Қазақстан сазгерлеріне арналған көрмелермен танысты.