Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылғы 10 қыркүйекте Өскемен қаласында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық қашықтық кезеңін өткізді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және әрі қарай дамыту бойынша жүйелі және мақсатты жұмысты жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік пен мәдени құндылықтарға араластыру.
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің және қосымша білім беру ұйымдарының қалалық/аудандық турдың жеңімпаздары болған 11 шығармашылық ұжым қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздар тізімі www.shyqysdaryn.kz сайтында жарияланды (1 қосымша).
Облыстық кезеңінің жеңімпаздары 2020 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық қашықтық байқауына қатысады.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлделерге дипломдар табысталды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!