+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған гір спортынан 2004 жылы туған және одан кіші мектеп оқушылары арасындағы облыстық қашықтық жарысын өткізу туралы
11 Қыр, 16:01

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 22 және 24 қыркүйек аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған гір спортынан 2004 жылы туған және одан кіші мектеп оқушылары арасындағы облыстық қашықтық жарысыұйымдастырылатынын хабарлайды.

Онлайн турнирінің мақсаты мен міндеті:

1. Облыста гір көтеру спортын танымал ету;

2. Дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау;

3. Жастарды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту.

Қашықтық жарысының нәтижесі 30 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК https://shygysdaryn.kz/ ресми сайтында жарияланады.

Толығырақ қосымша ақпарат алу үшін 8 777 984 26 46 телефонына хабарласуға болады.