+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Мың бала» ауыл мектептеріне арналған бірінші Ұлттық олимпиаданың қорытындысы
03 Қыр, 16:46

Нұрсұлтан Назарбаев қоры және Елбасы Академиясы «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған бірінші Ұлттық олимпиаданың қорытынды нәтижелерін жариялады.

Жоба Елбасының талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі «Ел үміті» бастамасының  аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесе жүзеге асырылуда. Бұдан былай олимпиада жыл сайын өтетін болады.

Олимпиада екі кезеңде өтті және ол еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6 сыныптағы 295 мың оқушыны қамтыды. Олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз анықталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 6-сыныптың 30 қатысушысы білімін Республикалық физико-математикалық мектепте (Алматы қаласындағы филиал) жалғастыра алады. Осы тізімге жоғары балл жинаған Шығыс Қазақстан облысынан Жарма ауданының 6 сынып оқушылары  «Георгиевка орта мектебінен» - Амангелді Аружан Нұрланқызы (93 б.) және  «Жаңғызтөбе орта мектебі-бала-бақша кешенінен» - Темержан Айназ Білімбекқызы (90 б.) енді.

6-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес оқуын «Білім-инновация» лицейлері мен «Дарын» мектептерінде жалғастыруға мүмкіндік алады.

5 сынып аяқтаған жеңімпаздар Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінде олимпиададан кейінгі сүйемелдеуге ие болады. 

Олимпиаданың екінші кезеңінің қатысушылары Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінің білім ресурстарына тегін кіріп өз бетінше білімін шыңдай алады. Олар үшін қосымша сабақтар және пән мұғалімдері тарапынан кеңес алу кестесі бекітіледі.

Жеңімпаздар тізімі www.fnn.kz порталында жарияланған.

 

Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз!