1. «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардыңоблыстық слетін (бұдан әрі – Слет) өткізуережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
2. Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
3. Слеттің міндеттері:
- ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
- балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;
- тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
- «Менің Отаным-Қазақстан» облыстық туристік-өлкетану экспедициялары арасынан ең үздік экспедициялық жасақтарды анықтау;
- білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу;
- облыстағы оқушылардың туристік-өлкетану бірлестіктерінде жинақтаған озық тәжірибелерін жалпылау және тарату;
- балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
4. Слетті Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) қашықтық форматында өткізеді.
5. Слетті ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.
2. Слетті өткізу мерзімі мен тәртібі
6. Слетке қатысу үшін қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған өтінімдер (№1 қосымша), сондай-ақ слеттің конкурстық жұмыстары және бейнематериалға сілтемелер электрондық пошта арқылы қабылданады: turismvko@mail.ru
7. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
1) Облыстық слетке қатысу үшін білім бөлімі басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының аудандық/ мектепщілік слеті жеңімпаздарының және топ жетекшісінің қатысуы туралы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылардың және топ басшысының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Әрбір өтініш беруші бір ғана өтініш бере алады. Бір ізденушінің екі және одан да көп өтінімде тең авторлығына жол берілмейді.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2020 жылдың 8 қыркүйек күні сағат 18.00-ге дейін !
Байқау жұмыстары және арнада орналастырылған бейнематериалға сілтеме https://www.youtube.com 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 10.00-ге дейін қабылданады!
Көрсетілген мерзімнен кеш келіп түскен өтінімдер мен конкурстық жұмыстар қарауға қабылданбайды.
9. Слеттің қорытындысы 2020 жылы 21 қыркүйек ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығысайтында жарияланады.
10. Слетке ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Слетті ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторын көрсете отырып БАҚ-та жариялауға құқылы.
3. Слетке қатысушылар
11. Слетке Облыстық қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің мектептен тыс ұйымдарының білім алушылары «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың аудандық/қалалық слеттерінің жеңімпаз командалары қатысады.
Қатысушылардың жасы: 2004-2006 жылдары туылған оқушылар.
12. Әр ауданнан, қаладан команданың сандық құрамы - 9 адам: білім беру ұйымдарының педагогтер қатарынан 8 оқушы және 1 топ жетекшісі.
4. Слет өткізудің шарттары мен тәртібі
13. Балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін бұқаралық слет шаралары екі кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (дайындық) – «Туристік маршруттарды құру» мастер-классы - а.ж. 30 сәуіріне дейін туристік маршруттарды әзірлеу технологиясы бойынша Мастер-класс, оның ішінде Экологиялық тур мысалында туристік маршрутты әзірлеу.
Екінші кезең (іріктеу) – аймақтық:
- Мектепішілік Слеті;
- Аудандық / Қалалық Слеті;
Үшіншікезең(қорытынды) – Облыстық Слеті (2020 жылы 16-18 қыркүйек).
14. Слеттің екінші (іріктеу) кезеңін (мектепішілік, аудандық/қалалық) өткізу мерзімі аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының бұйрықтарымен анықталады.
Карантин кезінде Байқау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.
15. Слет келесі номинациялар бойынша өткізіледі. Материалдар қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады.
1) «Бард әндері» байқауы. Орындау уақыты – 5 минуттен артық емес. Әр команда бір (1 қатысушы) нөмірден көрсетеді. Негізгі музыкалық аспап – гитара.
Театрландыру және сахналандыру элементтеріне жол беріледі. Фонограммамен орындауға жол берілмейді. Байқауға қатысуға нормативтік емес лексика, қорлау сипаты бар, адам құқықтарын таптаушы, діни және ұлттық араздық тудырушы шығармалар жіберілмейді.
Бейнематериал AVI, MPEG форматында жоғары сапалы дыбыста болуы тиіс. Жұмыс техникалық аяқталған және жұмыс аталуы, қысқаша түсініктемесі болуы керек.
Бейнематериал қатысушының аннотациясы мен ұсынысынан басталуы тиіс.
Байқауға http://www.youtube.com каналындаорналастырылған бейнематериалға сілтеме қабылданады.
Бағалау өлшемдері:
- бард жанрына сәйкестігі;
- сахналық мәдениет;
- вокалдық қабілеттер;
- орындау шеберлігі;
- аудиториямен байланыс;
- орындаудың мәнерлілігі және эмоциялығы;
- орындаушының сырт келбеті.
I. Өлкетану блогы.
2) Номинациялар бойынша іздеу-зерттеу жұмысы жобаларының презентациясы:
«Жас өлкетанушы» - халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері, белгілі адамдармен, әдебиет, музыка, театр, кино, бейнелеу өнері қайраткерлерімен кездесулер туралы іздеу-зерттеу жобасы таныстырылады (1 қатысушы).
«Туған өлке соқпақтары» номинациясы (1 қатысушы) бойынша іздеу-зерттеу жұмысы жобасының презентациясын қорғау – өңірде жүргізілген туристік экспедиция презентациясы. Презентацияда бағдар картасы, өлкетану нысандары, бағдардың рөлі, маңызы және ерекшеліктері көрсетілуі тиіс. Қатысушылардың аталған экспедицияға қатысқандығын растайтын фотосурет, жорық туралы анықтама және т.с.с. болуы міндетті.
«Ең керемет туристік өлке» - туған өлкенің тарихын, географиясын, объектілерін зерттеудің презентациясы (1 қатысушы).
Слайдқа қойылатын талаптар: презентациядағы слайдтар саны 20-дан аспауы тиіс. Әрбір слайдтың тақырыбы, бейнелеуі (фото, сурет, сызба және т.б.) және мәтін болуы тиіс. Мұқаба парағында келесі ақпарат болуы тиіс: номинация аталуы, қатысушының аты-жөні, жасы, e-mail, қатысушы жетекшісінің аты-жөні, білім беру ұйымының толық аталуы, облыс, аудан, қала, ауыл.
Жобаны қорғау кезінде жұмыстың авторына 7 минут беріледі, ол осы уақытта:
- жұмыстың мақсатын;
- тақырыптың өзектілігін;
- қойылған мақсатқа жету әдістерін;
- нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығын;
- жұмыстың негізгі қорытындыларын айтуы қажет.
Конкурсқа жобаларды қорғаудың презентациялары мен бейнежазбасы ұсынылады.
II. Экологиялық блок.
3) «Туған өлкенің тарихы» - 3-D элементтерін қолдана отырып, өз өлкесінің виртуалды туристік маршруты презентациясын ұсыну. Жұмыс бағыты: SketchUp, Blender, Tinkercad.com(сілтеме көрсету) (1 қатысушы).
Қорғау уақыты - 7 минуттан артық емес. Қатысушы таңдалған тақырыптың өзектілігі және мазмұны, аталған зерттеуге қосар практикалық үлесі жөнінде қысқаша сипаттама береді.
Конкурсқа виртуалды туристік маршруттың тұсаукесері және жобаларды қорғаудың бейнежазбасы ұсынылады.
4) Экологиялық соқпақ - 2 қатысушы жергілікті жер бағдарының соқпағын өте отырып, экологиялық картаны құрып, оны плакатқа сызып, шартты белгілермен ресімдеуі қажет. Карта А5 форматтағы плакатқа ресімделеді. Қатысушылар жергілікті жерге бақылау және зерттеу жүргізуі керек: дендрарий, аллея, скверлер, саябақтар және экологиялық бұзушылықтарды анықтайды.
Байқауға http://www.youtube.comканалындаорналастырылған бейнематериалға сілтеме қабылданады.
III. Туристік блок.
5) «Туризм білімпаздары»номинациясы - туристік түйіндерді білу, туристік түйінділерді байлау (1 қатысушы - таңдауға 12 түйін).
Бейнематериалда AVI, MPEG форматында сапалы дыбыс болуы керек. Жұмыс техникалық аяқталған және жұмыстың атауы көрсетілген аннотациясы болуы тиіс.
Байқауға http://www.youtube.comканалындаорналастырылған бейнематериалға сілтеме қабылданады.
6) «Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналықкөмек көрсету»номинациясы - жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білуін көрсететін бейнероликтер байқауы:
бірінші қатысушы: суықтану, жаралар, қажау - таңу, созылу;
екінші қатысушы: сүйектің шығуып кетуі, сынуы, естен тану;
үшінші қатысушы: үсіп кету, күйіктер, жәндіктердің шағуы (аралар, өрмекшілер, шаяндар, улы жыландар және т.б.).
Бағалау критерийлері:
- позициялардың толықтығы, ашылуы;
- практикалық шеберлік пен дағдыларды көрсету;
- көмек көрсету жылдамдығы;
- бейнефильмнің дыбысы мен бейнесінің сапасы.
5. Слеттің қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
16. Кәсіби қазылар алқасы байқау жұмыстарын слетті бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
17. Слет қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Слеттің барлық қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар беріледі.
18. Жеңімпаз дипломдарының (жоба жетекшілерін көрсете отырып), қатысушылар сертификаттарының электрондық нұсқалары ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығысайтта орналастырылатын болады: https://www.shygysdaryn.kz .
Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-15-53.
19. Номинациялар бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық қашықтық слетіне қатысады.
6. Слетті қаржыландыру
20. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.